Сағынтаев ҚазҰУ жері жекеменшікке беріледі деген мәселеге жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қала басшысы бұл мәселені университеттің жаңа ректорымен талқылаған

фото: kaznu.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері ешкімге берілмейтінін айтты. Қала басшысының айтуынша, аталмыш университет жерін басқаға бергісі келсе, әкімшілікке ұсыныс жасауы керек.

«Университет жерін басқа біреуге бергісі келсе, ұсыныс жасауы керек. Қазір университетке жаңа ректор (Жансейіт Түймебаев – ред.) келді. Біз ол кісімен кездесіп, осы мәселе төңірегінде әңгіме болды. Ол кісі университетке тиесілі жерді беруге болмайтынын айтты», - деді қала әкімі.

Еске сала кетейік, жыл басында әлеуметтік желіде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы университеттің жер учаскелерін жеке тұлғаға сатты деген хабарлама тарады. Кейінірек университеттің ресми сайтында жер мәселесіне қатысты ақпаратқа түсініктеме берілді.