ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Астанада 1 айда 200 мыңнан астам адам жол ақысын төлеуден жалтарған

Олардың тек 3 мыңға жуығына әкімшілік жаза қолданылыпты

Елордада өткен 1 жарым айда 200 мыңнан астам жолаушы жол ақысын төлеуден жалтарған. Олардың тек 3 мыңға жуығына әкімшілік жаза қолданылыпты. Мұндай ақпаратты көліктегі бақылау департаменті келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, ережебұзушылардың басым бөлігі СМС төлемақыдағы ақаулықты сылтаурататын көрінеді. Жауаптылар енді тиісті заңнамаға бірқатар өзгертулер енгізілуді көздейді.

«Қызметкер қоғамдық көлікке келіп тексергенде ғана, көп жолаушы төлемақы төлеп жатады. Егер кірмесек, тегін жетіп жатқандар да бар. Жұмысымыз нақыталана түсуі үшін мұндай мүмкіндікті бізге берсе дұрыс болар еді деп ойлаймын», - дейді көлік бақылау департаментінің бас менеджері Азат Тілеубаев.