$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2021, 00:54
Жаңалықтар

900-ге жуық қандасымыз азаматтық алды

1991 жылдан бастап 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралған

900-ге жуық қандасымыз азаматтық алды
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түркіменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% – басқа елдерден келгендер.

«Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қоныстанды. 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері 21,4%-ды және зейнеткерлер 19,8%-ды құрайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары