$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2021, 00:51
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды

1 қаңтардан бастап 242 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Демалыс күндері мобильді топ кезекті рейд барысында отбасылық іс-шара өткізгендерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балқантау көшесіндегі «Бақсарай»мейрамханасында екі күн ішінде 50 жылдық мерейтой мен үйлену тойы өтті. Карантиндік талаптар сақталмаған залда 80-нен астам адам болды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ, 23:00-ден кейін жұмыс істеген «Respawn» компьютерлік клубы, ал оның ішінде 15 адам болғаны анықталды.    

«Дуранг» кафесінің де жұмыс режимін бұзғаны белгілі болды. Барлық материалдар санэпидбақылау қызметіне жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сот «ZOLOTO» мейрамханасының қызметін бір айға тоқтата тұру туралы қаулы шығарған болатын. Шешімді орындау үшін 11 ақпанда мекеменің алдыңғы есіктеріне мөр басылған қағаз ілінді.

15 ақпандағы жағдай бойынша қалада карантиндік шектеулердің 330-дан астам бұзылуы анықталды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 67, Байқоңыр ауданы бойынша – 82, Есіл ауданы бойынша – 104, Сарыарқа ауданы бойынша - 82.

Айта кету керек, коронавирустың таралуын болдырмау үшін азаматтар карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Кәсіпкерлік субъектілері де шектеу шараларын бұзбауы тиіс.

Сот барлығы 14 нысанның қызметін тоқтатты және жалпы сомасы 3 781 605 теңгеге әкімшілік айыппұл салды.

1 қаңтардан бастап бүгінге дейінгі аралықта шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 58 575 020 теңгеге 242 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары