15.02.2021, 21:25
Жаңалықтар
Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда тұман түсіп, жел соғады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының жекелеген жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
