ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қоғамдық тамақтану объектілері 23.00-ге дейін жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа, яғни 2021 жылдың 14 ақпанындағы №4 қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Құжатқа сәйкес сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етілген. Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Адам толымдылығы 30%-дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі. Сауда ойын-сауық орталығында орналасқан нысандарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің (жабық) қызметтері сағат 7: 00-ден 23: 00-ге дейін шектеледі. Ол нысандарда соңғы төлем сағат 22:00-де дейін жабылуы керек. Әр үстелдегі 4 орын отыруға рұқсат. Әлеуметтік қашықтық, маска режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы керек.