$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2021, 17:51
Жаңалықтар

Алматыда карантин тәртібі өрескел бұзылған нысандар тізімі жарияланды

Қалада 1 қаңтардан бастап 4 394 нысан тексерілді

Алматыда карантин тәртібі өрескел бұзылған нысандар тізімі жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторинг топтары 4 394 нысанды тексеріп, 363 құқықбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде 333 хаттама жасалған. Оның ішінде 77 заңды тұлғаға жалпы сомасы 26 541 285 теңге айыппұл салынды. Сот шешімімен 10 нысанның қызметі тоқтатылған. Атап айтқанда, Алатау ауданында «Жақсылық» дәмханасы 1 айға жабылып, иесіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Кәуап орталығы» дәмханасына 161 АЕК айыппұл салынды. «Шамо» ЖШС бильярд клубында (объектінің қызметі карантиндік режим аяқталғанға дейін тоқтатылды) құқық бұзушылар анықталды.

Сол секілді Алмалы ауданында құқық бұзушылықтар «Финик» мейрамханасында, «Fizika» түнгі клубында, «Boohouse» кафесі, «Пират» және «Endorphin» кафесінде тіркелген. Әуезов ауданындағы «Рыба моей мечты» каракоке-бары және «Ejelgi Arman» лото-клубында да закңбұзушылық анықталған. «Бостандық ауданында «Sunset» мейрамханасында, «Шмель» кафесі, «Queer» түнгі клубында карантиндік тәртібі бұзылған.

Жетісу ауданында: Ниязова Ж.А. компьютерлік клубы (3 айға тоқтатылды, айыппұл 5 АЕК), «Gameclub» ойын клубы, «Ломатик» ойын залы, «SKY SPORT» компьютерлік клубы, «ГринККМ» Лото клубы анықталды.

Медеу ауданында «Виктория» бинго клубында, тағы да компьютерлік клубта (қызметін 1 айға тоқтата тұру), «Манана» мейрамханасында, «Пугасов» мейрамханасында, «Бармаглот» барында (қызметін 1 айға тоқтата тұру), «Hookan Dreems» кафе-барында, «Айлина» мейрамханасында, «Небо» барында құқық бұзушылар туралы материалдар жиналды.

Наурызбай ауданында да карантин шаралар бұзылды: «Премьера» кафесі (қызметін 1 айға тоқтата тұру, 100 АЕК айыппұл), «Таужолы» кафесі (қызметін 1 айға тоқтата тұру, 100 АЕК айыппұл) салынды. Түрксіб ауданында «Қазақстан Жастар Таэквон-до федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «БекАр» ойын клубы, «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешдерінде бұзушылықтар тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #карантин