14.02.2021, 15:57
Жаңалықтар
АҚШ-тағы шаңғы акробатика турнирінде қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды
Америкада North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр
Фото: olympic.kz
Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Отандасымыз 85.68 нәтижесімен топ жарды. 76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-орында болды.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
