$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2021, 15:29
Жаңалықтар

Сарыағашта жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды

Қыз ата-анасына ескертіп кеткен, алайда ата-анасы оның сөзіне мән бермеген

Сарыағашта жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сарыағаш тұрғыны полицейлерге күндізгі сағат 16:30 шамасында 13 жастағы қызы қазір келемін деп, үйінен шығып, содан оралмағанын айтқан. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында, сыныптастарының үйлерін жеке-жеке аралап, мектеп басшыларымен байланысты. Соның нәтижесінде төрт сағатта қыздың жүрген жері анықталды. Ол өзінің үйінен кейінгі 4-көшеде жалғыз келе жатқан жерінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды», - деп жазылған хабарламада.

Қыз ата-анасына ескертіп, құрбыларымен тамақтану орталығына шыққаны белгілі болды. Алайда ата-анасы қызының сөзіне мән бермеген. Осылайша қызын жоғалды деп ойлап, тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары