14.02.2021, 14:24
Жаңалықтар
Коронавирустың жаңа штамын қайта жұқтыру дерегі тіркелді - ДДСҰ
Жаңа штамм 86 елде анықталған
Фото: ашық дереккөзден
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына коронавирустың жаңа штамымен екінші рет ауырып жатқандар туралы мәліметтер келіп жатыр. Бұл туралы ДДҰ-дың бас ғылыми маманы Сумия Сваминатан мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Оның айтуынша, вирусты бұрын жұқтырып, ағзасында антидене қалыптасқан адамдар коронавирустың жаңа штамын жұқтыруда. Сол себепті қазір вируспен ауырған науқастардың антиденесі қанша уақытқа жететіні зерттеліп жатыр екен.
Қазір SARS-CoV-2 жаңа штаммы таралып жатыр, қазірдің өзінде ол 86 елде анықталған.
Айта кету керек, әлемде 108 млн адам коронавирус жұқтырған, 2,3 млн науқас осы дерттен көз жұмды.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
