ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Алматы қаласында және бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

11-12 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Көрнекі сурет: newsler.ru

Еліміздің бірқатар облысы мен Алматы қаласында ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 11-12 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - деп ескерту жасады синоптиктер.

Сондай-ақ, 12-14 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 12, тәулік бойы 13, 14 ақпанда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с болады. Тараз қаласында 12-14 ақпанда кей уақытта тұман түседі.

12 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қ.: 12 ақпанда тұман болады.

12 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Ақтөбе қаласында 12 ақпанда көктайғақ болады.

12 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

12 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында 12 ақпанда тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

12-14 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

12 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.