ШҚО-да аурухана қызметкері 92,5 млн теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Әйел өзінің банктегі шоттарына заңсыз ақша аударып отырған
Шығыс Қазақстан облысында аурухана есепшісі 92 миллион 500 мың теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйел өзінің банктегі шоттарына заңсыз ақша аударып отырған. Оны полиция ұстады.
Шемонаиха аудандық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Ведомство мәліметінше, әйелге 92 миллион 500 мың теңге немесе 240 мың доллар көлемінде қаржы жымқырды деген айып тағылуда.
Тергеу барысында есепшінің осы сомадағы қаражатты өзінің банктегі карталарына аударып отырғаны анықталды.
«Бухгалтер 27 қараша күні қамауға алынды. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.