$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.02.2021, 21:57
Жаңалықтар

Ақмола облысында 80 адам жиналған мерейтой анықталды

Сонымен қатар фирмалардың бірі 200 адамға корпоративтік іс-шара өткізген

Ақмола облысында 80 адам жиналған мерейтой анықталды
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 6 ақпанында Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында мониторингтік топ 80 адамның қатысуымен 70 жылдық мерейтой ұйымдастырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Алтын шаңырақ» қонақүй кешенінде үйлену тойы өткізілгендігін анықтаған. 

«Бұл кешен карантиндік талаптарды елемей, жаппай іс-шаралар өткізіп тұрады. Әкімшілік жауапкершілікке 4 рет тартылды. Көкшетау қаласының санитарлық қызметі жоспардан тыс тексеру жүргізді. Той өткізу фактісі бойынша ұйымдастырушы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Хан сарайы» мейрамханасында «Тиолайн» ЖШС фирмасы 200 адамның қатысуымен корпоративтік іс-шара өткізгендігін анықтады. 

Серіктес жаңалықтары