Қазақстанға 500-ге жуық жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келген
Алдыңғы тәулікте келген 470 қазақстандықтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 6 ақпан күні Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Халықаралық рейстермен Қазақстанға жеткен 2 099 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 615 адам, анықтамасыз 484 азамата келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 350 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 301;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 431 жолаушы, анықтамамен - 355; анықтамасыз – 76;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен - 125; анықтамасыз - 107;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 86 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 5 ақпан күні шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген барлық 470 қазақстандықтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.