$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2021, 11:17
Жаңалықтар

«Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде»: Тоқаев үндеу жасады

ҚР Президенті бейнеүндеу жасады

«Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде»: Тоқаев үндеу жасады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Almaty 2021» форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Аталған шараға ЕАЭО үкіметтерінің басшылары, Еуразиялық комиссия және ТМД атқару комитетінің жетекшілері, сонымен қатар, цифрландыру саласының сарапшылары мен мамандары қатысып жатыр.

Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі цифрландыру мәселесі жайындағы ойымен бөлісті.

«Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде екенін жақсы түсінеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын және ауқымды деректерді талдауды дамыту туралы айтты. Бұдан бөлек Президент ЕАЭО елдерінің цифрлық ынтымақтастығы бойынша бірқатар өзекті бағыттарды атап өтті.

Серіктес жаңалықтары