Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының өндірісінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі «аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматыметроқұрылыстың» директоры қамауға алынды: Метро құрылысын не күтіп тұр?
Ведомство өкілдері Қайрат Реимовтің күдікті екенін және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс бойынша басқа да деректер жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Полиция департаменті.
Бұған дейін «Алматыметроқұрылыс» басшысы мен бизнесмен Дінмұхамет Ыдырысовтың арасындағы қаржылық дау туралы жазған болатынбыз.