ШұғылАтырауда газ құю стансасында автоцистерна жарылды

Алматы қалалық МКД салық төлемеген жүргізушінің Gelendewagen көлігін алып қойды

Жүргізушінің мемлекет алдындағы берешегі 725 мың теңге

Салықтан жалтарып жүрген азаматты Медеу аудандық кірістер басқармасының мамандары ұстаған. Қашқынды қолға түсіруге ПД өкілдері мен жеке сот орындаушылары көмектескен. Мамандар рейд барысында салық төлемей жүрген жүргізушіні Алматы-Талғар тас жолында тоқтатты.

Geländewagen аталып кеткен G-класс маркалы Мерседес-Бенц автокөлігінің иесі 2017-2018 жылдардың салығын төлемей жүрген. Оның мемлекет алдындағы берешегі 725 мың теңге. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары хаттама толтырып, қымбат көлікті айыппұл тұрағына жіберді. Енді ол негізгі қарызбен қоса сот орындаушыларының еңбегі үшін және ақылы айыппұл тұрағының ақшасын қосып төлейді. Тек содан кейін ғана көлігін кері қайтарып ала алады.

«Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындардан қолданыстағы салық қарызын өз еркімен төлеуді сұрайды. Бұл өз кезегінде жүргізушілер үшін қосымша шығынды қажет етпеуге мүмкіндік береді. Салық төлеушілер салық берешегінің болуы - болмауы туралы ақпаратты МКК веб-сайтынан  немесе төмендегі сілтемені басу арқылы біле алатындығын еске саламыз: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web », - делінген МКД таратқан ақпаратта.

Бүгінгі таңда мүлік, жер және көлік салығын төлемей жүрген адамдардың саны алматыда 156 мыңнан асады. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 4,3 миллиард теңге. Ал жауапсыз жүргізушілерді «аңду» жыл соңына дейін жалғасады. 

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған