01.02.2021, 22:59
Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханаға жеткізілді
Орал-Атырау жолында 2 автокөлік соқтығысып қалған
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 ақпан күні Орал-Атырау жолында «Лада Ларгус» пен «Datsun» автокөліктері түйісті. «Лада Ларгус» автокөлігі қолайсыз ауа райына байланысты жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан «Datsun» автокөлігімен түйіскен. Автокөліктерде барлығы 11 адам болған. Екеуі дәрігерге қаралудан бас тартты. Қалған 9-ы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 1 жасқа толмаған бала бар», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты