2025 жылға қарай Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11 мың шақырымға жетеді
30 наурызда 5,8 мың шақырым ақылы учаске іске қосылмақ
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде министр Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын жолдың 18 учаскесінде бақылау аркаларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 10 учаске тестілік пайдалануға берілді.
«Шымкент-Өзбекстан шекарасы», «Орал- РФ шекарасы (Саратов)», «Орал – РФ шекарасы (Самара)» және Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)», «Щучинск-Петропавл», «Шымкент-Қызылорда», «Шымкент-Тараз», «Тараз-Қайнар», «Қапшағай-Талдықорған», «Қостанай-Тройцк» учаскелерінде 41 бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды. Барлық бағдарламалық-аппараттық кешендерді орнатуды аяқтап, қалған 8 учаскені тестілік пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды қамтитын I кезең аясында ақылы учаскелерді 2021 жылғы 30 наурызда іске қосу жоспарланып отыр.
Айта кету керек, 2021 жылы инвестициялық келісімшарт аясында ұзындығы 800 шақырым болатын 5 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған.