$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2019, 16:55
Жаңалықтар

Қазақстанға Ирак түрмесінен 14 бала қайтарылды

 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлайды

Қазақстанға Ирак түрмесінен 14 бала қайтарылды

27 қарашада гуманитарлық акция нәтижесінде Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Олардың аналары терроризм үшін сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр.

«Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз  байланыса отырып жүзеге асырды.Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз»,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Құжаттары реттеліп, оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады.

2019 жыл Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ үшін маңызды. Осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы Конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды.

 

Серіктес жаңалықтары