$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2021, 15:53
Жаңалықтар

Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматыға «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы жеткізілді

Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қала әкімінінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бастаған шенеуніктер коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды. Екпе салдырғандардың қатарында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен мәслихат депутаты, №5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықовта бар.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров вакциналаудың маңыздылығын атап өтті.

«Вакцинация – бұл пандемиямен күрестегі шешуші қадам. Бүгін мен оның маңыздылығын, қауіпсіздігін көрсету үшін вакцинаны қабылдадым. Жақында өзіміздің отандық вакцина да дайын болады. Біз ғалымдарға сенеміз. Сондықтан мен қала тұрғындарының бәріне осы қадамды жасауға кеңес беремін. Вакциналау жүріп жатқан кезде біз маска тағуды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастыруымыз керек және вируспен күресудің басқа да шараларын қолдануға тиіспіз», - деді Е. Бабақұмаров.

Айта кетейік, Ресейде дайындалған «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы Алматыға жеткізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары