1 ақпанда бас санитар мен денсаулық сақтау вице-министрі «Спутник V» вакцинасын салғызады
Вакцинация №6 қалалық емханада өтеді
Ертең бас санитар мен денсаулық сақтау вице-министрі «Спутник V» вакцинасын салғызады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады.
«Екпені алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алады. Вакцинация 1 ақпанда сағат 08:30-да Аманат көшесіндегі №6 қалалық емханада өтеді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен ерікті вакцинациялау науқаны басталады.