Петропавл тұрғынының 2,5 миллион теңгесі қолды болған
Оған алаяқтар банк қызметкерінің атынан хабарласқан
Интернет алаяқтар Петропавл тұрғынан 2,5 миллионнан астам теңгені жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
66 жастағы петропавлдық 2 миллион 700 мың теңге қаражатынан айырылған. Ол өзін телефонмен банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, клиенттің шотынан белгісіз біреу ірі көлемдегі соманы алмақ болып жатыр деген. Транзакцияға жол бермеу үшін банк картасының пин-кодын атау керектігін айтқан. Ер адам БАҚ-тан алаяқтардың әрекеттері жайлы білген, қылмыскер клиенттің шотында жатқан соманы және оның соңғы уақытта қандай қаржы операциясын жасағаны туралы айтып, арбауына түсірген. Бұл сөздерге сенген ер адам пин-кодын жайып салып, бар жиған-терген қаражатынан айырылған.
«Алда қылмыскерлердің нақты мәліметті қайдан алғанын анықтау керек. Әзірге алаяқтардың құпия ақпаратқа қандай жолмен қолжеткізгенін білу қажет болып тұр. Сенімге кіру, олар есімі мен жасын, ЖСН мен үйінің мекенжайын, банктегі шотының жағдайын айтады. Дегенмен, ақшаға қолжеткізу үшін оларға картаның пин-коды немесе sms-хабарламадан бір реттік құпия сөз қажет. Бұл мәліметтерге алу үшін олар психологиялық қысым көрсетеді. Банкке жеке хабарласпауына сенімді түрде кеңес береді. Батыл, нық сөйлесіп, кейде қысымшылық жасауы да мүмкін- мұндай жағдайлардың бірін біздің қызметкерлер ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша СДТБТ енгізді», - деп жазылған хабарламада.