$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2021, 11:29
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда апатты күйдегі спорт кешені жөнделді

«Толқын» спорт кешені қайта ашылды

Нұр-Сұлтанда апатты күйдегі спорт кешені жөнделді
Фото: Astana.gov.kz

Елорда қаласының әкімі Алтай Көлгінов апатты жағдайда тұрған «Толқын» спорт кешенінің жөндеуден өтіп, қайта ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Халық санының өсуі мен әлеуметтік нысандарға мұқтаждықты ескере отырып, жаңа әлеуметтік құрылыс салу ғана емес, сонымен бірге қолда бар ғимараттарды жөндеп, жай-күйін бақылап отыру керек. Бүгін бірқатар жөнделген спорт нысанын араладым. Мысалы, «Толқын» спорт кешенінде балалар су спортымен айналысады. Бірақ ғимарат апатты жағдайда болып, спорт кешені толық жұмыс істемеген. Ғимарат 20 жыл бұрын салынған, осы уақыт ішінде күрделі жөндеу жүргізілмеген. Негізгі проблемаланың бірі шатырынан – су кету. Бөлмелері суық, ал қабырғалардың сылағы құлап жатты. Қазір қиындықтарының бәрі шешілді, оның ішінде - бөлмелердегі ауа айналымы да жақсарды. Құрылыс салушыға ғимараттың қасбеті мәселесін пысықтауды тапсырдым», - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, кешенге қосымша спорт жабдықтары сатып алынған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты көпшілікке тарату және балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қажет жағдай жасау үшін жұмыс істейміз. Өйткені, денсаулықты күту және салауатты өмір салтына бейімделу ерте жастан басталуы керек. Өткен жылы 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттанды, онда спортпен айналысуға арналған арнайы орындар қарастырылды. Биыл осы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз», - деді Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары