Павлодарда терезеден секірген ер адам ағашқа ілініп қалған

48 жастағы тұрғын психикалық-неврологиялық диспансердің есебінде тұр

Павлодарда терезеден секірген ер адам ағашқа ілініп қалған
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда терезеден ағашқа секірген ер адам құтқарылды. Ол неліктен секіргенін айта алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментіне Гагарин көшесінде ағашта отырған ер адам туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушыларды учаскелік полицей шақырған. Ол ер адам терезеден ағашқа секіргенін және 3-қабаттың деңгейінде отырғанын айтқан.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы ер адамды төмен түсіріп, полиция қызметкеріне тапсырған. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 48 жастағы тұрғын өңірлік психикалық-неврологиялық диспансердің есебінде тұр. Құқық қоғаушылардың айтуынша, ер адам 3-қабатта тұратынын растап, терезеден секіргісі келмегенін және ағашқа қалай тап болғанын білмейтінін айтқан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.