Тоқаев танымал журналист Михаил Дорофеевтің жақындарына көңіл айтты
Бүгін Михаил Дорофеев 49 жасында өмірден озды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеті жоғары бағаланатын. Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген көңіл айту жеделхатында.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін танымал журналист, Informburo ақпарат-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев 49 жасында қайтыс болды.