Мысыр мен БАӘ-ден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды
29 қаңтарда Қазақстанға 12 халықаралық әуе рейсі келді
Дубайдан ПТР-анықтамасынсыз келген екі, Шарм-ел-Шейхтан келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
«29 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 1 453 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 ҚР азаматы келді», - делінген хабарламада.
28 қаңтарда анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР талдау нәтижесі бойынша 3 жолаушыдан коронавирус инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.