ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

30 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Сенбі күні еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

30 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Батыс аудандарында қар жауып, көктайғақ болады. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, желдің күші секундына 16 метрге жетеді.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жел секундына 15-23 метр жылдамдықпен еседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.