Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Республиканың бірқатар өңірінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

30 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлерінде қалың тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөктайғақ болады.

Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысында тұман болжанады. 1-2 ақпанда кей жерлерде көктайғақ болады. 30 қаңтар-1 ақпан аралығында желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.