$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2021, 11:32
Жаңалықтар

Алматы әкімдігінде тағы бір басқарма құрылады

Мәслихат депутаттары жаңа басқарманың құрылуын бірауыздан қолдады

Алматы әкімдігінде тағы бір басқарма құрылады
Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімдігінде Креативті индустрия басқармасы құрылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа басқарма экономиканы дамыту бағытында жұмыс жасайды. Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихат депутаттары Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласының креативті индустриялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы бастамасын қолдады.

 «Алматы-2050» даму стратегиясына сәйкес, қала экономикасында креативті экономиканы дамыту бағытында құрылымдық маневрді жүзеге асыру жоспарланған. Мегаполис үнемі ойлау қабілеті ұшқыр, креативті, талантты және бірегей адамдарды біріктіреді, ал заманауи цифрлық құралдар өсу динамикасын арттыратыны атап өтілді. Осы мақсатта кретивті индустрияны дамыту Стратегиясы қабылданды.

Сонымен бірге, креативті сегменттің қалыптасуы үшін мемлекеттің интегративті қолдауы қажет, оның міндеттеріне жұмысты сауатты үйлестіру, жан-жақты жәрдемдесу және әлеуетті жүйелі дамыту кіреді»,- деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Креативті индустрия - экономиканы дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттарының бірі, ірі қалаларды әлемдік қоғамдастық үшін ерекше тартымды ететін олардың қозғаушы күші. Бүкіл әлемде креативті индустриялар әлеуеті өнеркәсіптік саясаттың ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл ерекше салалар Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресейде және басқа да көптеген елдерде мемлекеттік қолдауға ие.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #басқарма