29.01.2021, 04:18
Жаңалықтар
Алматыда үлкен бокс кеші өтеді
Басты жекпе-жекте кімдердің жқдырықтасатыны белгілі болды
27 ақпанда Алматыда MTK Fight Night кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев пен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасады, деп хабарлады prosports.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) ұлыбританиялық Стивен Уордпен қолғап түйістіреді. Ал Жәнібектің қарсыласы әзірге белгісіз.
Бұдан бөлек, дәл осы күні MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы атынан кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсететін Абай Төлеш, Талғат Шайкен, Әли Балоев, Нұрдос Төлебай, Нұртас Әжбенов, MTK Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпаздары Торғынбек Әміровпен Нұрбол Сұлтанбай жекпе-жекке шығады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды