ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с артады.

28 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 28 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.

28 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 18-23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 28 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі.

28 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысы 28-29 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

28-29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз 28, тәулік бойы 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 28, тәулік бойы 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.