$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 17:45
Жаңалықтар

Қарағанды судьясы Анатолий Шкарупаға қатысты ақтау үкімін түсіндірді

Аудандық сот оны кінәсіз деп таныды

Қарағанды судьясы Анатолий Шкарупаға қатысты ақтау үкімін түсіндірді

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупаға қатысты ақтау үкімін шығарды. Аудандық соттың судьясы Жанат Егембердиева оны Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәсіз деп таныды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы айыптау актісінде қылмыстық әрекет жасау тәсілін, атап айтқанда: ұрлау қалай жасалғанын – иемденіп алу немесе жымқыру арқылы екенін көрсетпеді. Іс бойынша жүргізілген, іс бойынша келтірілген залал сомасын болжамды растайтын сараптамаларды сот оларды жүргізу тәртібінің елеулі бұзылуына, сараптамалардың, сарапшылардың, сондай-ақ мамандардың қорытындысына байланысты жол берілмейтін дәлелдеме деп таныды. Олар шындыққа жанаспады және келтірілген шығын мөлшерін растамады. Айыпталушылар арасындағы қылмыстық қастандық фактісі сот тергеуімен расталған жоқ. Сот талқылауы барысында сотталушылардың кінәлілігі туралы жеткілікті және бұлтартпас дәлелдер алынған жоқ. Іс бойынша жүргізілген тергеу әрекеттерінде кінәліліктің дәлелі жоқ. Жауап алынған куәгерлер сотталушылардың кінәсін тікелей немесе жанама түрде растамады», - деп түсіндірді Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында бұрынғы Энергетика вице-министріне қатысты миллиондаған доллар жымқыру туралы қылмыстық іс қаралып, прокурорлар Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупаны 10 жылға, ал «Тұрғын үй құрылысын дамыту қорының» бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы мен ENERCO компаниясының экс-директоры Ерлан Нәбиевті 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Аталмыш тұлғалар 2018 жылы Сарань қаласында жылу есептегіштерін орнатуға арналған бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Серіктес жаңалықтары