Жалған құжатпен шетелге тауар өткізіп келген атыраулыққа 7 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Ол тауарды шетелге жоғары бағамен сатқан
Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан облыс тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Атырау қаласы №2 сотының үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлімінде және 385-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 500 АЕК мөлшерінде (7 292 500 теңге) айыппұл салынды.
Сондай-ақ 12 миллион теңгенің тауары мемлекет пайдасына айналдырылды.
Айыпталушы заңды кәсіпкерлік қызмет түрін көрсету мақсатында екі кәсіпорын атынан тауарларға жалған бухгалтерлік құжат (шот-фактура, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжат және халықаралық тауарға ілеспе жүкқұжат) дайындаған, содан кейін тауарды шетелге жоғары бағамен сатқан.