$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2021, 21:26
Жаңалықтар

Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты

Қаулы 24 қаңтардан бастап күшіне енеді

Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №8 жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жаңа қаулымен Ақмола облысындағы ХҚКО-лардың (соның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың, 1414 call-орталығының және виртуалды ассистенттердің) жұмысы реттеледі. 

Енді жұмыс күндері олар 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Бұл ретте азаматтарды қабылдау электрондық үкімет порталы немесе call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы жүзеге асырылады. 

Қаулы сондай-ақ, Ақмола облысының қалалары мен аудандарының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты оларға ведомстволық бағынысты аумақта карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде дербес шешім қабылдауға құқық береді.

Қаулы 2021 жылғы 24 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары