ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

COVID-19: британдық штамм адам өміріне қауіпті болуы мүмкін

Кей мемлекеттер Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтата бастады

Фото: РИА «Новости»

Коронавирустың британдық штамы тез таралып қана қоймай, адам өміріне де қауіпті болуы мүмкін, деп жазады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

«Лондонда және елдің оңтүстік-шығысында табылған жаңа нұсқа – өлімнің жиілеуімен байланысты болуы мүмкін деген дәлел бар сияқты», - дейді британдық билік.

Шотландия мен Уэльсте жаңа штамның пайда болуы індеттің жаңа серпінін туғызды. Жаңа штамм көп таралған Солтүстік Ирландия бір аптадағы ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші тіркелді.

Токио Олимпиадасының ұйымдастырушылары жаппай вакцинация 2020 жылы кейінге қалдырылған жарысты осы шілдеде өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенуде.

«АҚШ пен Еуропадағы жаппай вакцинация оң нәтиже беретіні сөзсіз», - дейді ұйымдастырушылар.

Венгрия ресейлік Sputnik V коронавирус вакцинасының 2 миллион дозасын сатып алды.

«Вакцинацияны жеделдету пандемия жағдайында Венгрияның ұлттық мүддесіне сәйкес келеді. Препаратттардың баяу қол жетімді болуына байланысты, жалғыз мүмкіндік - тиімді және қауіпсіз вакцинаны басқа жерден алу», - дейді ел билігі.

Франция алдымыздағы жексенбіден бастап елге кіретіндердің барлығынан ПТР тест нәтижелерін ұсынуды талап ететінін айтты. Себеп – коронавирустық инфекцияның күрт көбеюі. Талдау «теріс» нәтижелі болуы және келуден 72 сағат бұрын жасалуы керек.

Бельгия үкіметі 27 қаңтардан бастап өз азаматтарына 1 наурызға дейін аса шұғыл болмаған жағдайда шет елге шығуға тыйым салатынын жариялады.

Португалия ел ішінде коронавирустың «британдық» штамының таралуын болдырмау мақсатында Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Сонымен қатар, COVID-19 ауруының өсуі ел билігін барлық мектептерді кем дегенде 15 күнге жабуға мәжбүр етті.