$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2021, 09:58
Жаңалықтар

Жазғы Олимпиада ойындары биыл өтпеуі мүмкін - БАҚ

Нақты шешім 25 наурызға дейін қабылданады деп күтіледі

Жазғы Олимпиада ойындары биыл өтпеуі мүмкін - БАҚ
Фото: ашық дереккөзден

Жапония билігі коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың жазында жоспарланған Токио Олимпиадасын тағы да кейінге шегеру туралы жасырын қорытындыға келді. Бұл туралы The Times хабарлайды.

Басылым қызметкерінің хабарлауынша, Жапония билігі 2021 жылы өтуі тиіс Олимпиада ойындарынан бас тарту туралы мәлімдемені жариялаудың жан-жақты мүмкіндігін іздеп жатыр.

«Ешкім бұл туралы бірінші болып айтқысы келмейді. Бірақ билік консенсусқа келді. Бұл өте қиын. Менің ойымша Олимпиада болмайды», — делінген ақпаратта.

Басылымның хабарлауынша, Жапония Олимпиада ойындарын өткізуден ресми түрде бас тартқаннан кейін, 2032 жылы Токиода жазғы ойындарды өткізуге ынталанады. Өйткені ол уақыттағы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушы әлі анықталмаған.

Жарысты ұйымдастыру комитетінің басшысы Есиро Мори Жапонияның the Nishinippon Shimbun газетіне берген сұхбатында Олимпиада ойындарының өтетіні, не өтпейтіні туралы шешімі 25 наурызға дейін қабылданатынын жеткізген. Сонымен бірге, ол бүгінде аталған шараға қатысты «ең нашар сценарий» қарастырылып жатқанын мойындап, жарыс мерзімін екінші рет ауыстыру мүмкін емес екендігін хабарлады.

Еске сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың наурыз айының соңында әлемдік пандемияға байланысты жазғы Олимпиаданы 2021 жылға ауыстыру туралы мәлімдеме жасады. Спорттық дода осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтуі тиіс. ХОК басшысы Томас Бах бейсенбі күні Токио Олимпиадасы осы жазда өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ ХОК мүшесі Ричард Пунт шетелдік жанкүйерлердің ойынды тамашалауға келуіне шектеу қойылатынын айтты.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары