22 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
Жұма күні жел күшейеді
22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Шығыс және орталықта қар қатты жауатыны күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.
Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.