«Арыстанды Африкада атып алдым»: Закирьянов кабинетіндегі аңдардың тұлыбы жайлы
Академия президенті атып алған аңдардың тұлыбынан тұратын екі музейі барын айтты
Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың жұмыс кабинеті әлі де көптің талқысына түсіп жатыр. Білім ордасы басшысының кабинеті халықаралық деңгейдегі бағалы орден-медальдардан бөлек, түрлі аң-құстың тұлыбымен толтырылған. Африканың арыстаны, сілеусін, қасқыр, қар барысы мен қос аққудың қатырылған терісі кабинетке бас сұққан қонақтың көзіне бірден түседі.
Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат берген Қайрат Қайруллаұлы бұл кабинетінен бөлек, өзі атып алған аңдардың мумиясы сақталған тағы екі музейі барын айтты.
Еске сала кетейік, танымал блогер, эко-белсенді Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында танымал спортшы Жаңқош Тұраровтың Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түскен бірнеше суретін жариялап, қар барысы мен сілеусіннің терісі, арыстанның тұлыбы академия басшысының кабинетінде қалай тап болғанын сұрады.