$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2021, 01:29
Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл тұрғындары үйге газ кіргізуден бас тартып отыр

Тұрғындар отынды қосуға қажетті қаражатты қалталары көтермейтінін айтты

Түркістан облысында ауыл тұрғындары үйге газ кіргізуден бас тартып отыр
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы Фирдауси ауылының тұрғындары үйге газ кіргізуден бас тартып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Жұрт көгілдір отынды қосуға қажетті 300 мың теңгені қалталары көтермейтінін айтады. Екі жарым мың тұрғыны, төрт жүзге жуық түтіні бар елдімекенде жұрттың көбі әлі күнге дейін көмір жағып, күл шығарады.

«2014 жылы Мырзакент кенті «ҚазТрансГаз Аймақтың» инвест жобасы бойынша әр үйге 250 мың теңгеден газ жүргізетін болған. Сол кезде бұл кісілер «біз Мырзакентке жақын орналасқан елдімекенбіз. Біз де сол Мырзакент сияқты ақша төлеуге дайынбыз» деген. Өздері ұсыныс берген, хаттама толтырған. Біз оны облыстық «ҚазТрансГазға» жолдағанбыз. Олар келіп, газ жүргізіп берді», - деді тұрғындар. 

Бүгінгі күні Фирдауси ауылында 60 шақты түтін көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Тағы 100-ден аса отбасы өтініш берген. Ал қалған тұрғындар келісілген қаржыны төлемейінше сұйық отынға қосыла алмайды. Жалпы Мақтаарал ауданы тұрғындарының 60%-і табиғи газбен қамтылған. Келер жылы 7 елдімекен көгілдір отынға қосылады.

Серіктес жаңалықтары