Қазақстанда қар мен жаңбыр жауады
Бірнеше облыста 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады
21 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде бұрқасын болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да көп болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с деп күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын - шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.