Биыл Көкшетау тұрғындары жылуға жарымай отыр
Тұрғындардың айтуынша, күзде де үй жарытып жылымаған
Көкшетаулықтар биыл жылуға жарымай отыр. Тұрғындардың айтуынша, күзде де үй жарытып жылымаған. Ал қыс түскелі жағдай тіпті, қиындапты. Бөлме температурасы 20 градусқа да жетпейді. Олар өткен қыста мұндай жағдай болмағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Көп жағдайда үйдегі жылу құбырларының өзгеріске ұшырағанын байқаймыз. Біреу құбырын жіңішкертсе, енді бірі ұлғайтқан. Міне үйге қызмет көрсететін мекеме осының бәрін реттеп, жылуды тұрғынжайға теңдей таратуы тиіс. Ал біз заң бұзушылықты анықтаған күннің өзінде ескертумен ғана шектелеміз», - дейді коммуналдық мекеме өкілі Валерии Менгулов.
Мамандардың айтуынша, аязды күндері коммуналдық мекемеге бір тәулікте 300-ге жуық шағым келіп түскен.