Қазақстан мектептерінде «Әліппенің» бес нұсқасы сынақтан өтіп жатыр
Қазір еліміздің 102 мектебінде «Әліппенің» 5 нұсқасы апробациядан өтіп жатыр
Биылғы оқу жылында «Әліппе» оқулығы қайтадан білім беру бағдарламасына енгізіледі. Қазір еліміздің 102 мектебінде «Әліппенің» 5 нұсқасы апробациядан өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір 5 баспаның ұсынған «Әліппе» оқулығы сынақтан өтуде.
«Өкінішке қаай, деп айтуға болатын шығар «Әліппені» әзірлеу деңгейі талапқа сай емес. Мынадай ескертулер жасадық. Біріншіден, Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесін әлі де түсінбеген авторлар бар. Яғни оның 4 ұстанымы бар. Сол 4 ұстанымы бар, мысалы, бір-екеуін айтатын болсақ, ол оңайдан қиынға қарай, жеңілден күрделіге қарай әдістемесі. Соңғы кездегі біздің оқулықтарда бірден өте күрделі тапсырмалар беріліп кетіп, тапсырмалардың саны өте көп болатын болса баланың жас ерекшелігіне ол сәйкес келмейді де, ауырпашылық тудырады. Жаңа оқулықта әріптерді үйретудің реттілігі өзгереді. Мысалы, А әрпінен кейін Р әрпі өткізіледі. «Балаға ең бірінші АР деген сөзді үйретейік»,- деп мұны Байтұрсынұлының өзі ұсынған. Төл оқулыққа қойылған басты талап ұлттық құндылықтарға басымдық беру. «Әліппенің» бірнеше нұсқасының сынақ-сараптамаға ұсынылуы да тегін емес. Бәсеке мен таңдау бар жерде сапа ақсамайды», - дейді ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми - практикалық орталығы директорының орынбасары Әділхан Дүйсебек.