ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Ақтөбеде 23 отбасы бір апта бойы ауыз сусыз отыр

Ауыз су келіп тұрған құбыр қатып қалған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбенің іргесіндегі Қарғалы ауылында 23 отбасы бір апта бойы ауыз сусыз отыр. Қара суды бес литрлеп сатып алып ішіп отырған жандардың арнайы мекемелерге өкпесі қара қазандай, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Барак типтес вагон үйлер 1989 жылы құрылысшылардың жатақханасы болған. Қазір мұнда 23 отбасы тұрып жатыр. Дені әлеуметтік жағынан аз қамтылған. Көпбалалы аналар, мүгедек жандар. Әрқайсысының кем дегенде 2-ден баласы бар.

Бұл үйлерге тек жылу мен жарық қана тартылған. Көгілдір отын жоқ. Жылудың өзі мардымсыз, электр пешін пайдаланады. Тұрғындар судың жағдайын айтып арнайы мекемеге хабарласқан. Олар ауыз су келіп тұрған құбыр қатып қалғанын анықтаған.

Әкімдіктегілердің айтуынша, ауылға су келіп тұр, ал үйлерге баратын құбырдағы қатқан суды ерітуге тұтынушылардың өздері жауапты.

Тегтер: