$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2021, 01:23
Жаңалықтар

Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады

Оқушылар қаңтардың 18-інен 31-іне дейін қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады

Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысындағы санитарлық-эпидемиялық ахуалдың әлсіреуіне байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына қайта көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысы «қызыл аймаққа» енді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап екі апта мерзімге карантин енгізіледі.

Бүгін Қостанай қаласының бас санитарлық дәрігері А.Байкенов білім мекемелеріндегі санитарлық талапты күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады. Оған сәйкес, 5-11 сынып оқушылары қаңтардың 18-інен 31-іне дейін қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады. Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, 1-4 сынып оқушылары ғана бұрынғыдай кезекші сыныптарда білім алады.

Серіктес жаңалықтары