ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда жаңа талаптарға сай емхана ашылады

Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан

Фото: facebook.com

Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талабына сәйкес келеді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында қала әкімі Алтай Көлгінов жазды.

Оның айтуынша, жаңа емханада аймақтар «лас» және «таза» деп бөлінген. Ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және т. б. орнатылған.

«Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді. Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз», - деп жазды ол.

Сонымен бірге дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға бардым. Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынды. Жеке инвестиция тарту - нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. 

«Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысанның құрылысына тартамыз. Бұл әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға - әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз», - деді қала әкімі.