Қазақстан жалақысы төмен елдер қатарына кірді
Рейтингтің ең төменгі шегінде Өзбекстан тұр
Қазақстан төменгі айлық көрсеткіші аз елдердің қатарына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Picodi.com сайтына сілтеме жасап.
«Зерттеуге үкімет бекіткен төменгі айлық көрсеткіштері бар 56 ел қатысқан. Кейбір елде төменгі айлықтан салық ұсталмайды. Мысалы, Филиппин, Гонконг елдері. Алайда көптеген елде ресми және қолға алатын айлықта айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сондықтан зерттеуде таза қолға алынатын сома қарастырылған», - деп жазылған хабарламада.
Рейтингтің ең төменгі шегінде Өзбекстан тұр. Мұндағы төменгі айлық көрсеткіш 57 доллар шамасында (23 883 теңге). Екінші орында Нигерия, мұндағы төменгі жалақы 71 доллар (29 749 теңге). Үшінші орында Қазақстан, біздегі төменгі жалақы 88 доллар деп есептеліпті (36 872 теңге).
Ең жоғарғы көрсеткіш Люксембургте, мұнда төменгі айлық жалақы 2 241 доллар (938 979 теңге).