$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 00:55
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім желтоқсанда шығады

Халықтың 70 пайызының жинаған зейнетақысы – 1 миллион теңгеге дейін ғана. Сондықтан, бұл мәселенің қиындықтары бар

Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім желтоқсанда шығады
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсауға мүмкіндік беретін нақты тетіктер келесі айда жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір көптеген ұсыныстар қарастырылып жатыр.

«Жоспарымыз бойынша, алдағы желтоқсан айында біз ұстанымға келіп, сол жұмысшы топтың Президентке ұсынысын беруіміз керек. Әзірге бірыңғай шешімге келген жоқпыз. Біздің елімізде 10 миллионға жуық зейнетақы есепшоты бар. Жалпы, салымшылардың саны да 10 миллион деуге болады. Жиналғаны – 10 триллион теңге. Халықтың 70 пайызының жинаған зейнетақысы – 1 миллион теңгеге дейін ғана. Сондықтан, бұл мәселенің қиындықтары бар», - деді министр.

Министрдің сөзінше, бұл ретте зейнетақы жинағы әр адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне жетуі керек.

«Түпкі шешімдерімізді желтоқсан айында еститін боласыздар», - деді Біржан Нұрымбетов.

Серіктес жаңалықтары