$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2021, 05:41
Жаңалықтар

Головкин өз титулына үміткердің есімін білді

IBF орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады

 
Головкин өз титулына үміткердің есімін білді
Фото: americansport

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп жазады prosports.kz порталы.

Өткен жылдың желтоқсан айында Польша спортшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа жіберіп, титулын сәтті қорғап шыққан қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) – аталған санаттағы әлем чемпионы.

«Рейтингтің жаңартылған релизінде алғашқы екі орын бос. GGG-мен жұдырықтасқанға дейін тізімде үшінші орында тұрған Шеремета оныншы орынға сырғыды. Ал оның орнын Германия өкілі Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) басқан. Головкиннің болуы мүмкін қарсыласы, мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) тізімде содан кейін тұр», - делінген ақпаратта.

Атап өтейік, IBF қазірше Головкин мен Войницкидің жекпе-жегін ресми түрде белгілеген жоқ.

Серіктес жаңалықтары