ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысы мен ШҚО-да карантин мерзімі ұзартылды

Түркістан мен ШҚО бас санитар дәрігерлері қаулыға қол қойды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды, деп хабарлайды коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысында карантин коронавирус бойынша жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылса, ШҚО-да карантин 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Түркістан мен ШҚО бас санитар дәрігерлері қаулыларға қол қойды.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов қаладағы шектеулерді коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған. Түркістан облысында карантиннің ұзартылғаны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Сондай-ақ ШҚО бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың қаулысында өңірде карантин 18-31 желтоқсан аралығында екені және ол мерзім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылған. ШҚО-дағы карантиннің ұзартылғаны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.